Жоба туралы

Кітап – рухани құндылық, баға жетпес байлық. Кітап хақында шығыстың жеті жұлдызының бірі Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, хаһім Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып білуге» деп ағынан жарылады. Бірақ, бүгінгі қоғамның Науаи айтқан алтын қазынаны, ақпаратына ақы сұрайтын интернет желісіне айырбастап, кітап оқуға құлық танытпай отырғаны ащы да болса шындық. Бұл, бір Қазақстанды ғана емес, барлық әлем мемлекеттерін алаңдатқан мәселе. Осы мәселені оңтайландыру мақсатында кітапханашылар қауымы түрлі әдіс-тәсілдерді қолға алып, сан түрлі жобалармен бағдармаларды жүзеге асыруда. Осы тұрғыдан келгенде Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің де өзіндік жобасы бар. Біз, сіздердің назарларыңызға «КІТАПХАНАЛЫҚ ЖАЙЛАУ» атты жобамызды ұсынып отырмыз. Бұл жоба 2013 жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап қолданысқа енгізілді.  Жобаның негізгі мақсаты: стационардан тыс кітапханалық қызметті жаңғырта отырып, оқырмандарға кітапты насихаттау, кітапхана мен оқырман арасында тығыз байланыс орнату. Жоба барысында төмендегі мәселелерді жүзеге асыру міндеті тұр:

  1. Ауданның шалғай орналасқан елді-мекендерімен қыстақтарды;
  2. Мүмкіндігі шектеулі жандармен қарияларды; 
  3. Жазғы лагерлермен туристік жорықтарды;
  4. Ресей Федерациясының шекаралас аудандарындағы қандастарымызды кітапханалық қызметпен қамту; 
  5. Саябақтар мен алаңдарда жалпы халыққа қол жетімді кітапханалық қызметті ұйымдастыру;
  6. Кітапты насихаттаумен кітапхананы жарнамалау жұмыстарын ұйымдастыру;
  7. Отбасылық оқу үрдісін қалыптастыру және дамыту;